«Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі мектепке дейінгі білім беру ұйымының директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №1 «Көктем» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №5 «Тамаша» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №7 «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №12 «Салтанат» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №13 «Ертөстік» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры әкімшілік азаматтық лауазымы бойынша бос орынға бес жыл мерзімге орналасуға;

«Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі мектепке дейінгі білім беру ұйымының директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №1 «Көктем» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №5 «Тамаша» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №7 «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №12 «Салтанат» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №13 «Ертөстік» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры әкімшілік азаматтық лауазымы бойынша бос орынға бес жыл мерзімге орналасуға;

«Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі мектепке дейінгі білім беру ұйымының директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №1 «Көктем» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №5 «Тамаша» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №7 «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №12 «Салтанат» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №13 «Ертөстік» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры әкімшілік азаматтық лауазымы бойынша бос орынға бес жыл мерзімге орналасуға;

            Мекеменің орналасқан жері: «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №1 «Көктем» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Есенберлин көшесі 19а үй, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №5 «Тамаша» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Пушкин көшесі 10а үй, Жезқазған қаласының білім бөлімінің №7 «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Жанасов көшесі 37 үй, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №12 «Салтанат» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Момышұлы көшесі 10 үй, «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №13 «Ертөстік» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Бейбітшілік көшесі 55 үй.

 

           Мекеменің қызмет түрі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

            

           Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

      2) педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда

     3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;

      6) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама.

            Білуге міндетті:   Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

             Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
      Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
      Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

            Лауазымдық жалақы мөлшері: 82000 теңгеден 87500 теңгеге дейін (еңбек өтіліне байланысты).

       Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күннің ішінде Жезқазған қаласы, Алаш даңғылы, №1 үй, № 210 каб. тапсырылуы тиіс. Байланыс телефондары: 733054, 733048. ai.abikenova@karaganda-region.gov.kz

            Конкурс бес кезеңде өткізіледі:

      1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

      2) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білу үшін тестілеуден өту;

3) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

      4) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;

      5) Жезқазған қаласының білім бөлімі Конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

          Конкурстың бірінші кезеңінде  «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ-ң  Комиссиясы үш жұмыс күні ішінде құжаттар біліктілігін бағалауды жүргізеді.

        Конкурстың екінші кезеңінде Конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау қорытындысы бойынша білім бөлімінің комиссиясы кандидаттарды тестілеуден өтуге жібереді.

Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының , 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциясын Еңбек , "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының , кодексін Заңын "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының , "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 Заңын желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  және педагогика, психология Заңын негіздерін білуге арналған тестілеуден өтеді.

Тестілеуден өту кезінде кандидатқа жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған 120 сұрақ ұсынылады. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әр бағыт бойынша 50%-ды құрайды.        

       Тестілеу электрондық форматта өткізіледі.

       Тестілеуді Қарағанды облысының білім басқармасы өткізеді.

       Қарағанды облысының білім басқармасы тестілеу өткізетін орынды және ұйымды, тестілеу өту мерзімін, уақытын анықтайды және кандидаттарды хабардар етеді.

      Тестілеу өткізілетін орын бейне-аудио бақылау камераларымен жабдықталады.

     Тестілеу өткізу үшін автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттық қауіпсіздік жүйе аттестаттаудан өткен болуы қажет.

     Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары лауазымына орналасуға кандидаттар тестілеуден конкурстың хабарландыруынан тәуелсіз кез келген уақытта алдын ала өте алады. Бұл ретте тестілеу нәтижесі күнтізбелік бір жыл ішінде және тест тапсырған өңірдің аумағында жарамды болып табылады.

       Тестілеуді тапсыруға берілген уақыт аяқталғанда, бағдарламалық қамтамасыз ету автоматты түрде жабылады.

       Тестілеудің дұрыс жауаптар кодтары қалыптастырылады.

       Тестілеуден өту кезінде кандидатқа 120 сұрақ ұсынылады: нормативтік құқықтық актілерді білуге арналған - 100 сұрақ; педагогика және психология негіздері бойынша - 20 сұрақ.

       Қарағанды облысының білім басқармасы конкурс хабарламасы аясында тестілеуге қатысқан немесе конкурс хабарламасынан тыс алдын ала тестілеуге қатысатын мемлекеттік мектепге дейінгі білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттар тізімін қалыптастырады.

          Кандидаттар тестілеу пунктіне тізім бойынша жеке басын куәландыратын құжат негізінде бір-бірден кіргізіледі.

        Жауапты тұлға тестілеу басталмас бұрын кандидаттарға кандидаттардың тестілеу барысындағы тәртібі қағидаларымен таныстырады.

         Тестілеу өткізу барысында кандидатқа аудиториядан жауапты тұлғаның алып жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, шпаргалкаларды, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын аудиторияға алып кіруге және қолдануға рұқсат етілмейді.

       Тестілеу аяқталғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз етуде кандидаттардың тест нәтижелері – мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары лауазымына тағайындау конкурсына/конкурстан тыс тестілеуден өткендігі туралы анықтама беріледі.

Тестілеуден өткендігі туралы анықтама Қарағанды облысы білім басқармасының мөрімен расталады және өңір аумағында бір жыл ішінде жарамды болып есептеледі.

       Шекті деңгейді жинаған кандидаттар комиссияның шешімімен Қамқоршылық кеңеске жіберіледі.

       Шекті деңгейді жинамаған кандидаттар комиссияның шешімімен Қамқоршылық кеңесіне жіберілмейді. Бұл ретте шекті деңгейді жинамаған кандидаттар тест тапсырған күннен бастап 1 ай мерзім өткеннен кейін қайта тестілеуден өтеді.

Үшінші кезеңде  Тестілеу қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде білім бөлімі бос лауазымға орналасуға үміткерлердің тізімін Қамқоршылық кеңеске жібереді.

          Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды Қамқоршылық кеңес отырысының өткізілу күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.

       Қамқоршылық кеңес кандидатты хабардар еткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және бос лауазымға орналасуға кандидаттың қатысуымен отырыс өткізеді.

        Қамқоршылық кеңестің отырысына кандидат Мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.

       Қамқоршылық кеңес отырыс қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына кандидатура бойынша хаттамалық шешім шығарады. Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы білім беруді басқару органына отырыс өткен күннен кейін келесі күні ұсынылады.

          Қамқоршылық кеңес кандидаттарды айқындаған жағдайда, Жезқазған қаласының білім бөлімі  Комиссиясы айқындалған кандидаттарды  Қарағанды  облысы  білім басқармасына келісуге жолдайды.

           Төртінші кезеңде кандидаттардың кәсіби құзыреттілігін бағалау үшін комиссия құрылады. Оның құрамын Қарағанды облысы білім басқармасы бұйрығымен  бекітеді.

            Бесінші кезеңде Жезқазған қаласының білім бөлімі Қазақстан Республикасының бала және жасөспірім жасындағы психология, ұжымдағы басқару мен іскерлік өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент және қызметтік этика саласындағы заңнамасы бойынша теориялық білімдерінің деңгейін анықтау, сондай-ақ кандидаттың педагогикалық жетістіктеріне, кәсіби және жеке қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілетіне қатысты ақпаратты нақтылау, болжамды лауазымдағы қызмет перспективаларын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау мақсатында конкурстың 1, 2, 3 - кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, әңгімелесу өткізеді.                 

Конкурс жариялаған білім беруді басқару органының басшысы үш жұмыс күні ішінде оң нәтиже алған конкурс қатысушысымен бес жыл мерзімге шарт жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.

             Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (конкурс өткізілетін орынға дейінгі жүретін жол, соның ішінде облыстық білім басқармасынан келсім алу және кейін қайту, тұратын орын және тағы басқа) азаматтар өз қаражаты есебінен жүргізеді.

             Жезқазған қаласының білім бөлімі  хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

     6)  қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7)  қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

      8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

     10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

     11) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

     12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

     13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

     14) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

      Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

      Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

        Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.