2025 жылдың 18 сәуірінде қазақ тілін оқытудың аймақтық Жол картасын жүзеге асыру аясында қалалық Тілдер орталығы мен білім бөлімі (мобильді топ) бірлесіп, қала күніне орай қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Балқашым – бағым» шығармашылық байқауын ұйымдастырып өткізді.
Байқауға 5 жастағы балалар қатысты. Олар мемлекеттік қазақ тілінде тақпақтар оқып, туған жер туралы әндер шырқады.Тілді меңгеру дағдылары бойынша тамаша нәтиже көрсетті. Байқауға «Айгөлек», «Ақбота», «Алпамыс», «Балауса», «Таңшолпан», «Ручеек», «Күншуақ» бөбекжайларынан 15 тәрбиеленуші қатысты.
Байқау қорытындысы:
Гран-при – Клименкова София, КМҚК «Таңшолпан» бөбекжайы»
1 орын – Ха Анастасия, КМҚК «Ручеек» бөбекжайы»
2 орын – Мхмадова Амина, КМҚК «Балауса» бөбекжайы»
3 орын – Байбатырова Арина, КМҚК «Айгөлек» бөбекжайы»