«М. Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-де 2025–2026 оқу жылында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау кабинеті ашылды.

Осыған орай, 2025 жылғы 21 қазанда аталған кабинет базасында «Біз біргеміз» атты қалалық семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинар-практикумға «№10 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің ресурстық орталығы, қала мектептерінің арнайы мамандары мен ата-аналар қатысты.
Іс-шара барысында логопед, дефектолог және психолог мамандары ата-аналарға үй жағдайында баламен тиімді жұмыс жүргізу жолдарын көрсетіп, практикалық кеңестер берді.
Қолдау кабинеті заманауи талаптарға сай жабдықталып, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға қолайлы орта жасалған.
Кабинеттің мақсаты:
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың білім алуындағы тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
Балалардың танымдық, сөйлеу, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қолдау;
Оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сай түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың бейімделуі мен әлеуметтенуіне жағдай жасау;
Арнайы мамандардың көмегі арқылы білім сапасын арттыру.