
🎨 Креатив, инженерлік тапқырлық және тамаша көңіл-күй – ғылым, технология және шығармашылыққа арналған жастар фестивалі «Balkhash STEAM Serpini» Fest-тің басты ерекшеліктері болды. Фестивальге 500-ден астам балқаштық қатысты.
📚 Бұл фестиваль Балқаштағы STEAM тәсілін дамытуға бағытталған ауқымды жобаның қорытындысы болды. Бір оқу жылы ішінде 282 оқушы мен 46 мұғалім оқудан өтіп, 7 мектепте заманауи оқу кеңістіктері мен 18 элективті курс ашылды.
🤖 Оқушылар іс-шара қонақтарына өздерінің STEAM жобаларын таныстырды, олар экологиялық шешімдер мен чат-боттардан бастап анимация мен метеостанцияларға дейін тақырыптарды қамтыған. Қонақтар робототехника жарыстарын, жобалар байқауын, көрмені, дәрістер мен шеберлік сабақтарын тамашалады.
🏅 Фестивальдің байқау-жарыстарына бақ сынаған жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
💡 Жоба Орталық Азияның Еуразия Қорының ұйымдастыруымен және «Коунрад» Қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
👏«Balkhash STEAM Serpini» Fest жарқын эмоцияларымен, ерекше идеялардың жүзеге асуымен және, әрине, жеңімпаздарымен есте қалды.
Фестиваль аясында өткен екі байқау қатысушыларға элективті курстар барысында меңгерген дағдыларын және жобаларын көрсетуге мүмкіндік берді. Өз шеберлігі мен идеяларын 100 тарта қатысушы паш етті. Олардың ішінен үздіктерін біз төменде атап өттік.
🏆«Balkhash STEAM Stars» жобалар байқауының нәтижесі бойынша 14 мұғалім арасынан келесі номинациялар бойынша ең жоғары ұпай жинағандар марапатталды:
🔹«Әлеуметтік және экологиялық импакт»
🥇Ольга Почтарь, Ә. Ермеков ат. мектеп-лицейі
🔹«STEAM-Art»
🥇Кенже Махмет, әл-Фараби ат. жалпы білім беретін мектебі
🔹«Жыл жаңалығы»
🥇Жулдызай Ершаева, Б. Момышұлы ат. жалпы білім беретін мекетебі
🔹«Үздік STEAM жобасы»
🥇Гульнар Мухаметжан, Б. Момышұлы ат. жалпы білім беретін мекетебі
38 оқушылық жоба арасында үздік деп танылған авторлар:
🔹«Әлеуметтік және экологиялық мәселелердің кешенді шешімдері»
🥇Кәусар Серікбай, жетекшісі П. Бақытқызы, Ә. Бөкейханов ат. №15 мектеп-лицейі
🔹«Бағдарламалау және IT жобалары»
🥇Олег Ткачёв, жетекшісі О. Клементьева, №1 жалпы білім беретін мектеп
🔹«Шығармашылық STEAM жобалары»
🥇София Ичитовкина, Роман Алимов, жетекшісі В. Подшивалова, Ә. Ермеков ат. мектеп-лицейі
Робототехника жарыстарына 19 ұжым қатысты, оның әр санатында ең жоғары ұпай жинаған ұжымдар:
🔹«Кегельринг-КВАДРО»
🥇Айдос Усенов, Аманжол Iнжу
🔹«Сумо 25×25»
🥇Кенесбай Арман, Манатбек Нұржiгiт
🔹«Робогеометрия»
🥇Ильдар Аманбек
🔹«Теңге алу»
🥇Думан Балтабай, Диас Дюсинбинов
👏Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!