№ |
әдіскердің аты- жөні |
функционалдық міндеттері |
1 |
Жумабекова Базаргуль Жумагаликызы Әдістемелік кабинет меңгерушісі |
· Әдістемелік кабинеттің стратегиясын, даму мақсаты мен міндеттерін белгілейді, даму бағдарламаларының, ішкі тәртіп ережелерінің әзірленуін, бекітілуін және орындалуын ұйымдастырады; · әдіскерлерді, педагогтарды оқытуды қамтамасыз етеді, инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, әдістемелерді игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді. · білім мекемелерімен бірге аудандық білім мекемелеріндегі білім дамуының стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін анықтайды; · аудан педагогтарының аттестациядан өту жұмыстарына әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді; · әдістемелік қызметтің құрылымын анықтайды, оның ұйымдастырылуы мен дамуына көмек көрсетеді; · басқарушы және педагогикалық қызметте жаңашыл іс-әрекетке, экспериментті-тәжірибелі жұмысты ұйымдастыру және жүргізуде, білім қызметкерлерін аттестацияға дайындауда авторлық бағдарламалары, құралдары мен оқу жоспарларын эксперттік бағалауда демеу көрсетеді; · білім саласында педагогикалық тәжірибелер банкісін құруда көмек көрсетеді; · аудан педагогтарының курстардан өту жұмыстарын ұйымдастырады, мониторинг жүргізеді, перспективалық жоспар құрады; · әдістеме кабинеті қызметкерлерінің жұмысын жоспарлайды, жүйелейді және бақылайды; · әдістеме кабинеті қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды; · білім беру процесін жетілдіру және әдістемелік жұмысты басқару бойынша ұсыныстар енгізеді; · педагогтардың біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін дайындауға және өткізуге қатысады; · оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды қамтамасыз етеді; · облыс, аудан аумағында қоғамдық ұйымдармен (қауымдастықтармен, кеңестермен) өзара әрекеттесуін ұйымдастырады; · ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады; · білім бөлімі әдіскерлерінің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды; · әдіскерлердің шығармашылық бастамасын қолдайды, марапаттайды және ынталандырады; · басқарушы және педагогикалық қызметкерлерді білім проблемасы бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттердің, оқулықтардың және білім дамуының негізгі бағыттары туралы қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді; · |
2 |
Кабдыкаримова Кымбат Боранкулкызы Гуманитарлық пәндер цикілінің әдіскері |
· Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңының орындалу барысын қадағалайды; · латын тіліне өту бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырады; · аудан педагогтарының аттестациядан өту жұмыстарына әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді; · өзінің бағыты бойынша педагогикалық оқуларды, семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізеді; · гуманитарлық – қоғамдық пәндерге жетекшілік етеді ( қазақ тілі және қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті); · гуманитарлық – қоғамдық пәндер бойынша «Өркен» әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады; · Өз бағыттары бойынша оқушыларға арналған байқауларды ұйымдастырады; · білім мекемелерінде жаңашыл іс-тәжірибені жүзеге асыруда ғылыми және әдістемелік көмек көрсетеді; · аудан мектептері педагогтарының үш тілділік бойынша курстан өту жұмыстарын ұйымдастырады; · «Бірге оқимыз!», «Жыр жалын» облыстық жобаларының жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік етеді. |
3 |
Омарбеков Медет Боранбайұлы Ақпараттандыру, информатика пәні әдіскері |
· аудандық білім бөлімі сайтының жұмысын ұйымдастырады; · компьютерлік сауаттылық бойынша курстар, қашықтықтан курстарын ұйымдастырады; · ВОУД, ТІММS, PISA халықаралық зерттеу жұмыстарына техникалық қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастырады; · білім беру мекемелеріндегі директордың ақпараттық жұмыс бойынша орынбасарларының жұмыстарын үйлестіреді; · аудан педагогтарының аттестациядан өту жұмыстарына әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді; · Сандық білім ресурсы жұмыстарына мониторинг жасауды ұйымдастырады; · өзінің бағыты бойынша педагогикалық оқуларды, семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізеді; · аудан бойынша өткізілетін он-лайн семинарлар, вебинарлар, селекторлық режимдегі өткізілетін жиналыстарға жетекшілік етеді; · білім беру мекемелеріндегі қауіпсіз интернетті бақылау, интерактивті жабдықтардың тиімді қолданылуын қадағалайды; · білім беру мекемелеріндегі ІТ сыныптарының жұмысы, ПИК, Робототехника, компьютерлермен жұмыс істеуде әдістемелік жетекшілік жасайды; · «Робототехника», «Болашақ инженерлер» жобаларының жұмыстарын бақылайды, ұйымдастырады; · облыстық «Зейін», «ІТ – сарапшы», «Қашықтықтан ВООМ» «Web –мастер» жобаларының жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік етеді; · информатика пәніне әдістемелік жетекшілік жасайды, «Өркен» әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады. · «Білімал» электронды журналының толтырылуын қадағалайды. · «school Bilimal» платформасының жұмысына бақылау басшылық жасайды |
4 |
Удабаев Мағжан Умияевич Инновация мен қоғамтану пәндер цикілінің әдіскері |
· өзінің бағыты бойынша педагогикалық оқуларды, семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізеді; · «Сарыарқа дарыны» АҒПО ұйымдастыратын олимпиадалар мен конкурстарға мұғалімдер мен оқушылардың қатысуын қамтамасыз етеді және АҒПО-ға олимпиадалардың өткізілуі туралы есеп береді; · оқушылардың ғылыми жобаларды әзірлеу және қорғау жұмыстарына жетекшілік етеді және аудандық турының өткізілуін ұйымдастырады; · аудандағы ресурстық орталықтар, жетекші мектептер жұмыстарына әдістемелік көмек көрсетеді және облысқа осы мектептердің атқарылған жұмыстары туралы есебін өткізеді; · аудан педагогтарының аттестациядан өту жұмыстарына әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді; · кітапхананың жұмысын сараптау, кепілдеме дайындау, кітапханашыларға кеңес беру және семинар өткізеді; · кітапхана қорының сақталуына, оқулықтармен қамтылуына сараптама жасау, оқулықтар жайында есеп дайындайды; · «Оқулық», «Opiq» модулімен жұмысты ұйымдастырады; · республикалық, облыстық және жергілікті баспасөз құралдарының басылымдарына жазылу жұмыстарын ұйымдастырады; · «Бір отбасы – бір кітап» облыстық акциясын ұйымдастырады; · Тарих, зайырлылық және дінтану негіздері пәндерінеәдістемелік жетекшілік жасайды, оқушылардың білім сапасы мониторингісін жүргізеді, «Өркен» әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады. |
5 |
Мұхаметжан Айымгүл Саятбекқызы Тәрбие жөніндегі әдіскері |
· Барлық білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады; · Барлық білім мекемелеріндегі психологиялық қызметтің жұмыстарын және қала психологтарының әдіс бірлестігі жұмыстарын ұйымдастырады; · «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын үйлестіреді; · жас зерттеушілердің арасында тарихи маңызы бар орындарға экскурсия жұмыстарын ұйымдастырады; · салауатты өмір салтын насихаттауға арналған ісшаралардың өткізілуін қамтамсыз етеді; · «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмыстарына жетекшілік жасайды; · білім беру және қосымша білім беру мекемелерінде Республикалық, халықаралық, облыстық, қалалық деңгейдегі интеллектуалдық марафондарды, конкурстарды өткізу жұмыстарын ұйымдастырады; · қалалық «Ең жасыл кабинет» жобасының жұмыстарына жетекшілік етеді «Өнегелі өмір» облыстық жобасы жұмысына жетекшілік етеді; · музыка, өзін-өзі тану пәндерінің берілуіне әдістемелік көмек көрсетеді, жетекшілік етеді, «Өркен» әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады; · Медиатор бағытында білім мекемлеріндегі оқушылар, олардың ата – аналарына, педагогтарға арналған консультациялық жұмыстар жүргізеді; · аудан педагогтарының аттестациядан өту жұмыстарына әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді; · сәндік – қолданбалы және бейнелеу өнерінің көрмелерін, конкурстарды ұйымдастырады; · білім беру мекемелеріндегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының жұмыстарына әдістемелік көмек көрсетеді және жетекшілік етеді; · «Kasip» кәсіби бағдар беру орталығы жұмысын ұйымдастырады; Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қараудың профилактикасы, сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандары болған балаларды оңалту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; тәрбие жұмыстарын диагностикалау, болжау, жоспарлау сұрақтары бойынша қажетті құжаттарды әзірлеу және жұмыстарын ұйымдастырады; · «ҚР рәміздер туралы» Заңының барлық мектепке дейінгі тәрбие және білім беру, жалпы орта білім беру және қосымша білім мекемелерінде орындалуын қадағалайды; · қиын өмірлік жағдайларға тап болған кәмелетке толмағандармен жұмыс; · директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен және әлеуметтік педагогтармен жұмысты ұйымдастырады; · білім беру мекемелеріндегі Өзін – өзі тану пәніне әдістемелік жетекшілік етеді; · «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасының жұмысына жетекшілік етеді. |
6 |
Алимжанова Гаухар Жангазыкызы Жаратылыстану-математика пәндер цикілінің әдіскері |
· Аудан педагогтарының аттестациядан өту жұмыстарына әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді; · Өзінің бағыты бойынша педагогикалық оқуларды, семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді; · Физика, химия, биология, география, математика пәндерінің берілуіне әдістемелік көмек көрсетеді, жетекшілік етеді, «Өркен» әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады. · облыстық «Зейін» жобаларының жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік етеді; · кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау пәндеріне жетекшілік жасау және әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді; · логопед, деффектологтардың жұмыстарына жетекшілік етеді; · инклюзивтік білім беру жұмыстарын ұйымдастырады; · республикалық «Инклюзивтік балабақша, инклюзивтік мектеп, инклюзивтік колледж» пилоттық жобасының жалпы орта білім беру мекемелерінде орындалуына жетекшілік етеді; · облыстық «Инклюзивті білім беру» жобасының жұмыстарын ұйымдастыру және жетекшілік етеді. |
7 |
Тулегенов Маргулан Танирберлиевич Дене тәрбиесі және алғашқы әскери технологиялық дайындық әдіскері |
· өзінің бағыты бойынша педагогикалық оқуларды, семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізеді; · спорт түрлері бойынша оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады; · көркем еңбек, АӘ және ТД, дене шынықтыру пәндерінің берілуіне әдістемелік көмек көрсетеді, жетекшілік етеді, «Өркен» әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады. · денсаулықты сақтау үшін жағдай жасау мақсатында құрылымдық бөлімшелерде алдын алу жұмыстары, дене шынықтыру – сауықтыру бағытындағы көрсетілімдер мен конкурстар ұйымдастырады; · «Футбол сабағы» республикалық жобасына жетекшілік етеді; · «Жас сарбаз» кадет сыныбы және әскери – патриоттық тәрбие клубтары жұмыстарының жүргізілуіне жауапты; · салауатты өмір салтын насихаттауға арналған ісшаралардың өткізілуін қамтамсыз етеді; · |