Қазақстанда 2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында бюджет шығындары оңтайландырылады

Қазақстанда 2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында бюджет шығындары оңтайландырылады

2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет және жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы заңдардың жобаларын қалыптастыру кезінде мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру басымдықтардың біріне айналады. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында қабылданды.

 Басты назар өнімсіз және тиімсіз шығындарды қысқартуға аударылады. Оларға семинарлар, көрмелер мен конференциялар ұйымдастыру, консалтингтік қызметтер, әкімшілік ғимараттар салу, көлік құралдарын сатып алу және күрделі шығындар жатады. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, ықтимал болатын қосымша резервтерді анықтауға үшін  бюджет шығыстарының басқа да баптарына талдау жүргізуде. 

Республикалық бюджет пен жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобаларын әзірлеу жаңа Бюджет кодексінің ережелерін ескере отырып жүргізілуде. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері орталық мемлекеттік органдармен және өңірлермен бірлесіп осы құжаттарды дайындауға кірісті.

Бұған қоса, республикалық бюджеттен бұрын бөлінген нысаналы трансферттердің шығыстары жергілікті бюджеттердің шығыс базасына сәйкестігі тұрғысынан нақтылануда. Бұл ретте олар салалық саясатқа және өңірлік стандарттар жүйесінің көрсеткіштеріне (елді мекендерде болуы тиіс әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары мен қызметтерінің ең төменгі тізбесі) сәйкес тексерілуде.

Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин мемлекеттік бюджеттің параметрлерін жаңа талаптарға сәйкес жедел талдап, нәтижелерін жақын арада ұсынуды тапсырды.