Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астана қаласындағы Ботаникалық бақта сенбілік өткізді.
Іс-шараға министрліктің орталық аппаратының, комитеттерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының 300-ден астам өкілі қатысты.
Қатысушылар бақ аумағын қоқыстан тазартып, жасыл желектерді күтіп-баптап, Орынбор көшесінің бойындағы (Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралықта) аумақты абаттандырды.
Ботаникалық бақ — елордамыздың басты табиғи нысандарының бірі болып табылады. Оның абаттандырылуына үлес қосу — қаланың экологиялық ортасын сақтауға бағытталған маңызды қадам.
Министрлік мемлекеттік қызметшілер арасында экологиялық мәдениетті дамытуға ерекше мән береді.