Наурыз – елдік дәстүрдің алтын діңгегі

Наурыз – елдік дәстүрдің алтын діңгегі

Ұлттық экономика министрлігі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. Мерекелік іс-шараға министрлік басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шара ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің құттықтауымен басталды.

«Наурыз – ырыс пен берекенің бастауы. Бұл мейрам – халқымыздың ізгілікке негізделген рухани құндылықтарын айшықтайды», - деді вице-премьер.

Іс-шара барысында марапаттарды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

«Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен:

Ахметова Айнұр Онашабаевна – Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары;

Мұстафина Бибиігүл Бағдатқызы – Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары;

Наукенов Рахат Оспанұлы – Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің басқарма басшысы;

Окенов Төлеген Әділетұлы – Бюджет саясаты департаментінің басқарма басшысы;

Сәбит Мадина Сәбитқызы  – Өңірлік даму департаментінің басқарма басшысы;

Садықова Сандуғаш Ескендірқызы – Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы;

Сағын Дидар Жақсықайырұлы – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы марапатталды.

Бұған қоса, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, асық ату, қол күресі, арқан тартыс, тоғызқұмалақ және гір көтеру сынды сайыстарда министрлік қызметкерлері өз бақтарын сынады.

Гир көтеру сайысында жүлделі 1-орынды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Лесбаев Шынболат Ерегенұлы;

Қол күресі сайысында жүлделі 1-орынды Өңірлік даму департаментінің бас сарапшысы Торғауыт Қуаныш Серікұлы мен Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Еламанова Зоя Жетпісбайқызы;

Тоғыз құмалақ сайысында жүлделі 1-орынды Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Сағынова Бақытнұр Рысжанқызы;

«Өз елім менің» атты өнер сайысында  жүлделі 1-орынды Ішкі әкімшілендіру департаментінің инспекторы Құдайбергенова Медея Мейрамқызы иеленді.

Арқан тартыс сайысында жүлделі 1-орынды Дидаров Ақтөре Дидарұлы бастаған Табиғи монополияларды реттеу комитетінің командасы жеңіп алды.

Мерекелік концерт аясында қазақ, татар, түрік және өзбек халықтарының ұлттық дәстүрлері сахналанып, өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.