Қазақстан үшінші Ерікті ұлттық шолуды талқылауға кірісті

Қазақстан үшінші Ерікті ұлттық шолуды талқылауға кірісті

2025 жылғы 12 ақпанда ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолу жобасын талқылау бойынша семинар өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - шолу жобасын кеңінен талқылауға бастама жасау және процестің негізгі қатысушыларымен, соның ішінде мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық серіктестермен және тәуелсіз сарапшылардың өкілдерімен пікір алмасу.

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина өзінің алғы сөзінде қатысушыларды орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізудегі Парламенттің рөлі туралы хабардар етіп, олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бақылаудың, сондай-ақ ОДМ интеграциясын заңнамалық қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ Парламенттік комиссияның тиімді шешімдерді әзірлеу және қол жеткізілген прогресті бағалау үшін мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен әрі халықаралық сарапшылармен белсенді өзара іс-қимылын атап өтті.

ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова өз сөзінде, үкіметтік емес және азаматтық сектор өкілдеріне, халықаралық серіктестерге ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстан экономикалық өсу, әлеуметтік әл-ауқат және экологиялық жауапкершілік мәселелерін үйлестіре отырып, орнықты даму жолымен сенімді түрде жүріп, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін лайықты болашақ құратынын атап өтті.

«Өткен жылы негізгі құжат - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі - Республиканың 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары қабылданды, ол орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін өтпелі процестерді жеделдетуге бағытталған», – деп атап өтті Нұргүл Жанназарова.

Бұған қоса, 2024 жылдың қазан айында орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторларының тізбесі өзектендірілді. Жаңартылған тізімге 200 индикатор кіреді, оның 69-ы өзекті болып анықталды. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі шеңберінде ОДМ индикаторларын стратегиялық құжаттарға, оның ішінде оларды өңірлік жоспарларға оқшаулау арқылы ыдырату жүргізіледі.

Нұргүл Жанназарова сондай-ақ Қазақстан Ерікті ұлттық шолуды екі рет сәтті ұсынғанын және ағымдағы жылдың шілде айында Нью-Йорктегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда ел өзінің үшінші шолуын ұсынатынын атап өтті. Басым мақсаттар мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғам, бизнес және халықаралық ұйымдар өкілдерін қоса алғанда, халықтың әртүрлі санаттарының пікірлерін ескере отырып айқындалатын болады.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің міндетін атқарушы Стивен О'Малли Қазақстан Үкіметіне тұрақты ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, ОДМ іске асырылуын бақылау жөніндегі институционалдық құрылымды құрудағы елдің жетістіктерін атап өтті. Ол Қазақстанның Ерікті ұлттық шолуды мерзімді түрде ұсынуы елдегі орнықты дамудың Жаһандық күн тәртібін іске асыруға баса назар аударылатынын атап өтті.

Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу ортақ міндет болып табылады және Ерікті ұлттық шолуды дайындау Қазақстанның осы шолуды 39 ел қатысатын жоғары деңгейдегі Саяси форумда табысты ұсынуын қамтамасыз ету үшін жан-жақты әрі сапалы тәсілді талап етеді.

Анықтама: Ерікті ұлттық шолу  БҰҰ Орнықты даму саласындағы күн тәртібін қабылдаған сәттен бастап 2030 жылға дейінгі кезеңге қол жеткізілген нәтижелердің қимасын білдіреді (Күн тәртібі-2030). Шолудың мақсаты-2030 күн тәртібін іске асыруды жеделдету мақсатында жетістіктер, проблемалар мен сабақтарды қоса алғанда, тәжірибе алмасуға жәрдемдесу. Шолу сонымен қатар саясат пен үкіметтік институттарды нығайтуға, сондай-ақ орнықты даму мақсаттарына жету үшін әртүрлі мүдделі тараптар мен серіктестіктерді қолдауды жұмылдыруға бағытталған.