Алматыда Орталық Азиядағы бес мемлекет арасында бизнес диалог өтуде

Алматыда Орталық Азиядағы бес мемлекет арасында бизнес диалог өтуде

13-15 наурыз аралығында Алматы қаласында «Мемлекеттік-жекеменшік диалог арқылы Орталық Азияның өңірлік экономикалық интеграциясын нығайту» B5+1 форумы өткізілуде. Шараға Орталық Азиядағы бес елдің бизнес-қоғамдастығы мен мемлекеттік аппаратының өкілдері қатысуда.

Іскерлік шараны ұйымдастырушысы CIPE (АҚШ) халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының көмегімен ҚР Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.

В5+1 форумының мақсаты – өңірдің толық экономикалық дербестігі үшін Орталық Азиядағы сауда, инвестиция және экономикалық интеграцияға жәрдемдесу.

Панельдік пікірталастарға қатысушылар яғни бизнес-қоғамдастықтардың, мемлекеттік органдардың, халықаралық институттардың өкілдері өз кезегінде өңірлік жетістіктерді, экономикалық дамудың қолданыстағы бағдарламаларын және экономикалық интеграцияны нығайту бойынша әріптестіктің әлеуетті бағыттарын талқылайды.

Америкалық компаниялардың өкілдері Орталық Азияға экономиканың басым секторларына инвестиция салу туралы өз көзқарастарымен бөліседі. Жергілікті бизнес қауымдастықтары жаңа нарықтарды дамыту және оларға қол жеткізу үшін адвокация мен мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы диалогты пайдаланудың жолдарын, әрі оның мүмкіндіктерін талқылайды.

B5+1 форумының нәтижесі жеке сектормен ұлттық және өңірлік бизнес күн тәртібіндегі белсенді жұмыс болуға тиіс. Екі күндік іс-шара бизнес-қоғамдастыққа Орталық Азия үшін инклюзивті және интеграцияланған экономикалық болашақ туралы өз көзқарасын ұсынуға және үкіметтерге С5+1 экономикалық мақсатына жету үшін жеке сектор ұсынымдарының құндылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушыларға инновацияларға, шетелдік инвестицияларға және халықаралық сауда ағындарына қолжетімділікті кеңейту арқылы экономикалық интеграцияны жақсарту және тұрақтылықты арттыру үшін маңызды жалпы күн тәртібін әзірлеу бойынша міндеттемелерді қабылдау ұсынылады.