ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Максим Орешкинмен кездесті

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Максим Орешкинмен кездесті

Мәскеу, Ресей

Кездесуде тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларын талқылады. Ә.Қуантыров Қазақстан мен Ресей президенттерінің жақында өткен кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды бағыттар белгіленгенін атап өтті.

Атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, машина жасау, көлік және т. б. салалардағы жаңа стратегиялық бірлескен жобалар туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Инвестициялық өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейі сақталуда. Ресейдің тікелей инвестицияларының көлемі соңғы 18 жылда $20 млрд-тан асты. Өз кезегінде, қазақстандық инвестицияның көлемі 2005 жылдан бастап $6 млрд-қа жетті.

ҚР ҰЭМ басшысы атап өткендей, екі елдің үкіметтері алдында өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі арттыру міндеті тұр. Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сондай-ақ экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тығыз байланыста болуға дайын екендіктерін білдірді.