Қазақстан-Қытай саудасы

Қазақстан-Қытай саудасы

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-тамызда 19,0 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ке жоғары (15,5 млрд.) болып табылады. 

Айта кетерлік жайт, ағымдағы жылы ҚХР-ның жалпы тауар айналымындағы үлесі 21% -тті. құрады.

Ал Қазақстаннан Қытайға баратын экспорт 2023 жылғы қаңтар-тамызда 2,1% -ке өсіп, 9,0 млрд АҚШ долларын құрады.

Экспорттың өсуі мыс кендері мен концентраттар (24,7%-ке,яғни 1,7 млрд. АҚШ долларға дейін), 

 уран (56,9%-ке 553,1 млн. АҚШ долларға дейін), ▪️ бидай (20,9 есе, яғни 110,2 миллион АҚШ долларға дейін), 

арпа (4,1 есе, яғни 102,4 миллион АҚШ долларға дейін), 

өңделмеген мырыш (2,7 есе, яғни 116,7 млн. АҚШ долларға дейін), 

газ (9,4%-ке 735,2 млн. АҚШ долларға дейін) сияқты тауарларды жеткізудің ұлғаюымен негізделеді.

Сонымен қатар, мыс және катодты мыс сияқты тауарлардың экспорттық жеткізілімі 24,3%-ке (1,3 млрд долларға дейін) және шикі мұнай 9,3%-ке (2,6 млрд долларға дейін) төмендегені байқалады.

2023 жылғы қаңтар-тамызда Қытайдан Қазақстанға импорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,5%-ке өсіп, 10,0 млрд долларды құрады.

Ал импорттың өсуі жеңіл автомобильдер (8,3 есе, яғни 549,9 млн. АҚШ долларға дейін), 

аяқ киімнің бөліктері (17,2 есе, яғни 191,0 миллион АҚШ долларға дейін), 

автомобильдерге арналған шанақ (4,6 есе, яғни 218,7 млн. АҚШ долларға дейін), 

телефон аппараттары (14,2%-ке, яғни 651,4 млн долларға дейін) сияқты тауарларды әкелудің ұлғаюымен байланысты.