ҰЭМ басшысы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық институты директорының орынбасары Қуат Ақжановпен кездесті

ҰЭМ басшысы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық институты директорының орынбасары Қуат Ақжановпен кездесті

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, алдағы кезеңге арналған жоспарларды белгіледі. Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінде орта бизнесті дамытудың бірлескен талдамалық жобасы іске асырылуда.

«ОАӨЭЫ Институтының белсенді қатысуымен және қолдауымен стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бірқатар зерттеулер табысты іске асырылуда. Қазақстан экономикалық өсуге ықпал ететін жаңа білім мен технологияларды әрдайым құптайды», - деді Ә.Қуантыров.

Өз кезегінде Қ.Ақжанов ҚР Үкіметі жүргізіп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформалардың маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ ол ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар тараптар 2024 жылы Қазақстанның ОАӨЭЫ бағдарламасына төрағалығы шеңберінде бірқатар отырыстар өткізу мүмкіндігін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша министр Қуат Ақжановты ОАӨЭЫ Институты директорының орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Айта кетейік, бұл лауазымға іріктеуді ОАӨЭЫ Институты ашық конкурстық негізде жүргізді.