Биыл қаңтар айында Қазақстан экономикасы 5,6%-ға өсті

Биыл қаңтар айында Қазақстан экономикасы 5,6%-ға өсті

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5,6%-ті құрады.

Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,3%-ті, ал қызмет көрсету саласында – 7,6%-ті құрады.

Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады, бұл ретте сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ құрылыс ең жоғарғы өсуді көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18,3%-ті құрады.

Инвестициялар ағыны өнеркәсіпте – 9,2%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,6%-ке, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 33,7%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 33,7%-ке, көлікте және қоймалауда – 31,8%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы, Ұлытау, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында байқалады.

Жекелеген облыстар бөлінісіндегі жоғары көрсеткіштер өткен жылдың базалық деңгейінің төмендігіне байланысты екенін айта кету қажет.

Алдын ала қорытынды бойынша 2022 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 32,1%-ке өсіп, 134,4 млрд. долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 39,9%-ке өсіп, 84,4 млрд. долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,6%-ке ұлғайып, 26,5 млрд. долларды құрады.

Тауарлар импорты 50 млрд. долларға тең.

Жалпы, оң сауда балансы 34,4 млрд. долларды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу қарқынын сақталуда. Өндіріс көлемі 1,6%-ке өсті.

Оң өсім 14 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсім Қызылорда, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бөлінісінде машина жасау өндірісінің 12,1%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 27,5%-ке, компьютерлер мен жабдықтар жасаудың – 29,6%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 9,8%, мұнай өңдеу өнімдері – 11,1%, химия өнеркәсібі – 10,6%, сусындар өндірісі – 33,2%, фармацевтика өндірісі – 51%, жеңіл өнеркәсібі – 11,3%.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,2%-ке ұлғайып, соңғы 4 айдан бері алғаш рет оң өсуді көрсетті.

Бұл ретте көмір өндіруді қоспағанда, өндіріс барлық көрсеткіштер бойынша өсім тіркелді.

Атап айтқанда, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 7,6%-ке, металл кендерін өндіру – 3,7%-ке, мұнай өндіру – 1%-ке, газ өндіру – 0,1%-ке, тау-кен өнеркәсібіндегі қызмет көрсету – 0,2%-ке ұлғайды.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ке ұлғайды.

Көрсеткіштің оң өсуі 15 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғарғы өсуі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында байқалды.

Ағымдағы жылғы қаңтарда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 39,6%-ке артық.

Ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы және Атырау облыстарында, Алматы және Астана қалаларында байқалды.

Бұл көрсеткіштің айтарлықтай төмендеуі Ұлытау облысында тіркелді.

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,3%-ке ұлғайды.

Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім тек 2 өңірде – Қостанай облысында және Алматы қаласында байқалды.

6 көрсеткіш бойынша өсім 10 өңірде тіркелді. Бұл Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана, Шымкент қалалары.

5 көрсеткіш бойынша оң өсім 6 өңірде – Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалды.

Қарағанды облысы 4 көрсеткіш бойынша өсім көрсетті.

Абай облысында тек 3 көрсеткіш бойынша оң динамика тіркелді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылады:

1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне және жеміс көкөніс өнімдеріне бағаның алып-сатарлық маусымдық ауытқуына жол бермеу жөніндегі шараларды іске асыру;

2. Экономика салаларында өсудің оң қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру, көктемгі-дала жұмыстарына дайындықта кешенді қолдау көрсету;

3. Жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздемені сапалы дайындау, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы жүргізу және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатты өнім берушіге дейін жеткізуі;

4. Шикізаттық емес экспортты жан-жақты қолдау және баламалы экспорттық бағыттарды ұлғайту;

5. Су тасқынына қарсы кешенді дайындық жұмыстарын жүргізу.