Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовпен кездесу өткізді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовпен кездесу өткізді

Тараптар шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін, оның ішінде ШОБ үшін реттеуші ортаны жақсарту бойынша өзара іс-қимылды күшейтуді талқылады.

Райымбек Баталов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін трансформациялау туралы айтып берді. Атап айтқанда, өңірлерде кәсіпкерлікті белсенді дамытуға және қолдауға ерекше назар аударылады.

Кездесу барысында мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және жобаларды іске асыру кезінде жобалық тәсілді қолдану бойынша «Атамекен» ҰКП-ның қатысуы туралы сөз қозғалды. Бұдан бөлек, нормативтік құқықтық құжаттардың сараптама сапасын жақсарту мәселесі қарастырылды .

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі жұмыс бизнес-қоғамдастықпен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырылатын болады.