ҚР ҰЭМ Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасын таныстырды

ҚР ҰЭМ Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасын таныстырды

Астана. Үкімет отырысы.

Кешенді жоспардың жобасы 102 іс-шарадан тұрады

2023-2027 жж. арналған инвестициялардың жалпы көлемі - 1,9 трлн. теңге

Республикалық бюджет – 515 млрд. теңге

Жергілікті бюджет – 110 млрд. теңге

Жеке инвестициялар – 1,3 трлн. теңге

Білім инфраструктурасын қолдау қоры – 22 млрд. теңге

Өнеркәсіпті дамыту:

Тау-кен байыту комбинатының құрылысы және «Айдарлы» мыс кен орнын игеру, сондай-ақ 6 өндірістік нысанның құрылысы

Пайдалы қазбаларды анықтау үшін ауқымды барлау, геологиялық іздестірулер жүргізу

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту:

Суару жүйелері жабдықтарын сатып алу және инфрақұрылымды салу

Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу комбинатын, 2 сүт-тауарлы фермасын және 2 бордақылау алаңын салу

Кәсіпкерлік және туризмді дамыту:

2 сауда ойын-сауық орталығын салу

5 жұлдызды қонақ үй кешенін және Алакөл көлінің жағалауында демалыс базасын салу

«Семей қаласында және басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерде 3-ші жылу-электр орталығын салу, жылу көздері мен пункттерін, электрмен жабдықтау және су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарлануда. Бұдан басқа, Семей, Аягөз, Курчатов қалаларында кәрізтазарту имараттарының құрылысы да көзделген»,-деп нақтылады Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Сонымен қатар, көлік саласы мен логистиканы дамыту аясында 11 көпір, «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу және реконструкциялау, Үржар ауылында транзиттік-көлік объектісін, әуежай терминалын құру жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 1465 км болатын жергілікті жолдарға күрделі және орташа жөндеу жүргізіледі.

Сондай-ақ, Семей қаласынан Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына дейін және Үржар - Павлодар бағыттары бойынша авиарейстерді субсидиялау жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласын дамыту:

Облыстық көпбейінді аурухана мен балалар ауруханасын, облыстық қан орталығын және 2 емхана салу көзделген

Білім беру:

6 шағын жинақты мектеп салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мектептерге, оқушылар сарайына, интернатқа 6 қосымша құрылыс салу, 9 балабақша мен 3 балалар лагерін салу

Мәдениет және спорт:

Ауылдық елді мекендерде 8 мәдениет нысаны, жүзу бассейні және 5 спорт модулі салынады және жөнделеді

Семей қаласында мұз сарайының құрылысын салу және 80 адамға арналған қонақ үйі бар спорт кешенін салу

7 медициналық-әлеуметтік мекемелер салынады және жөнделеді

Кешенді жоспардың бірқатар іс-шаралары азаматтық қорғанысты, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

5 өрт сөндіру депосын салу

Ертіс өзені мен Алакөлдің жағалауларын нығайту жұмыстары жүргізілетін болады

Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады

«Осы шараларды іске асырған жағдайда 2027 жылға қарай өнеркәсіп көлемінің 55,8%-ға өсуі күтілуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5 есеге, ал шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығаруы 85,6%-ға өседі. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 100%-ті, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі 97%-ті құрайды. Жалпы 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады»,-деді ҰЭМ басшысы.

Тұтастай алғанда, Кешенді жоспарды іске асыру өңір экономикасының өсу қарқынын жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді.