Парижде ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен серіктес мемлекеттер экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Парижде ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен серіктес мемлекеттер экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) «Еуразия достары» тобының кеңейтілген сессиясына қатысты.

Іс-шара барысында Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына (ЕБҚБ) қатысушы 13 мемлекеттің және ЭЫДҰ-ға мүше елдердің өкілдері экономикалық даму және қазіргі геосаяси жағдайдың еуразиялық кеңістік экономикасына әсерін талқылады.

Сондай-ақ, ЕБҚБ шеңберінде 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, сауда және көліктік өзара байланыс, инвестициялар, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі шаралар талқыланды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының «Еуразия достары» — бұл ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен серіктес мемлекеттер өкілдерінің бейресми тобы. Оның мақсаты - Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын іске асыру барысын талқылау және ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бұл бағдарламаға Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері кіреді.