«Qazaqstan Project Management Awards - 2022» Ұлттық конкурсының жеңімпаздары белгілі болды

«Qazaqstan Project Management Awards - 2022» Ұлттық конкурсының жеңімпаздары белгілі болды

Астанада «Qazaqstan Project Management Awards – 2022» Ұлттық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Алтын жүлде иегерлерін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров марапаттады.

QazPMA-2022 жеңімпаздары:

"Орталық мемлекеттік органдар" санатындағы «Жылдың үздік жоба менеджері» номинациясы бойынша - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінң қызметкері Шағатаев Дәурен Кайрбекұлы

«Квазимемлекеттік сектор» санатындағы «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша - «Мемқалақұрылыскадастры» РМК бас директоры Мұсабаев Тұрлыбек Түркпенұлы

«Жергілікті атқарушы органдар» санатындағы «Жылдың үздік жоба менеджері» номинациясы бойынша - Павлодар облысы әкімдігінің қызметкері Тантақова Жәния Маратқызы

«Балаға мейірімді үздік жоба» арнайы номинациясы бойынша - ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қ. бойынша департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы

«Мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру» арнайы номинациясы бойынша - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінң қызметкері Атембеков Ринат Ғылымбекұлы

«Үздік PM-жаттықтырушы» арнайы номинациясы бойынша - ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының профессоры Мурзина Сәуле Ашотқызы

«Qazaqstan Project Management Awards» Ұлттық конкурсы жыл сайын өткізіледі. Конкурстың негізгі мақсаты - өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды қолдау. Іс-шара «Бәйтерек» холдингінің белсенді қатысуымен өтті.

Ұлттық конкурстың ұйымдастырушылары:

ҚР Президентінің Әкімшілігі

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы

Атамекен ҰКП

«Қазақстан Республикасының Жобалық менеджерлер одағы» ЗТБ