Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасы

Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасы

Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасы (бұдан әрі – Стратегия жобасы) Парниктік газдар шығарындыларының төмен деңгейімен ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеу саласындағы Париж келісімінің мақсаттарын және Мемлекет басшысының Климаттық амбициялар жөніндегі саммитте Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі туралы мәлімдемесін іске асыру шеңберінде әзірленді.

Стратегия жобасы халықтың әл-ауқатын, орнықты экономикалық өсуді және әділ әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін экономиканы дәйекті трансформациялау жөніндегі жалпыұлттық тәсілдерді, мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындайды және мемлекеттік саясаттың келісімді және үйлесімді болуын қамтамасыз ету үшін қабылданады.

Стратегия жобасында Қазақстан экономикасын трансшекаралық көміртекті реттеу тетігін енгізу, ESG қағидаттарын тарату, жасыл инвестицияларды ілгерілету және тарту, энергиясы тиімді өндіріс, электрлендіру және басқалары сияқты жаһандық климаттық трендтерге бейімдеу қажет екені ескеріледі.

Стратегия жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында талқылау үшін орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14311815).

Стратегия жобасын ашық талқылау қорытындылары бойынша бекіту жоспарланып отыр.