ТМД Экономикалық кеңесінің 95-отырысында сараланған және өзара тиімді сауда саясаты мәселелері талқыланды

ТМД Экономикалық кеңесінің 95-отырысында сараланған және өзара тиімді сауда саясаты мәселелері талқыланды

Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесінің 95-ші отырысы өтті. Бұл – Қазақстан Республикасы төрағалық ететін жылы өтіп жатқан Достастық елдерінің жоғары органдарының үшінші отырысы.

Іс-шараға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов және т.б. қатысты.

Қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған инновациялық ынтымақтастығының мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру мәселесін қарады.

ҚР тарапынан ұлттық экономикалық және азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан нарықтарымызды бірінші кезекте қажетті өнімдермен, ең алдымен, азық-түлік тауарларымен молықтыруға назар аудару қажеттілігі туралы атап өтілді. Жеткізуді кешіктіру тауарлардың қолжетімділігіне, бағаның негізсіз өсуіне және тиісінше, Достастық елдеріндегі инфляциялық қысымға әкеледі. Бірқалыпты, өзара тиімді сауда саясаты халықтың әл-ауқатының өсуіне ықпал етеді. Бұл үшін мүмкіндіктер мен әлеует.

Экономикалық кеңес отырысының қарауына ұсынылған негізгі мәселелердің қатарында Қызметтерінің еркін саудасы, құрылуы, қызметі және инвестициялары туралы келісім жобасы бар. Құжат сараптамалық деңгейде келісілді, қазіргі уақытта мүдделі тараптар нарыққа қол жеткізу бойынша міндеттемелерді айқындайтын қосымшаларды, сондай-ақ әрбір мемлекетке нақты пайда әкелетін инвестициялар туралы бөлімді талқылап жатыр. Осы Келісім Достастық елдерінің сауда-инвестициялық қызметін нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер беруге арналған.

ТМД Экономикалық кеңесінің келесі отырысын 2022 жылдың 9 желтоқсанында Мәскеуде өткізу туралы шешім қабылданды.