ҰЭМ-де Қазақстан мен үнді конгломерат арасындағы инвестициялық ынтымақтастығының мүмкіндіктері талқыланды

ҰЭМ-де Қазақстан мен үнді конгломерат арасындағы инвестициялық ынтымақтастығының мүмкіндіктері талқыланды

Ұлттық экономика министрлігінде Үндістанның ірі конгломераттарының бірі – «Adani Group» компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Кездесуге Ұлттық экономика вице-министрлері Абзал Әбдікәрімов пен Ілияс Өсеров қатысты.

Үнді делегациясының құрамында Adani Group-North America бас директоры және компанияның бас техникалық директоры Судипта Бхаттачаря, стратегия жөніндегі аға вице-президенті Сандип Мехта, бизнесті дамыту және стратегия бөлімшелерінің басшылары Ришаб Дэв пен Мохансундарам Натаражан, сондай-ақ компанияның бас менеджері Шубхам Гупта болды.

Инвесторларға ведомство қызметінің макроэкономикалық даму, МЖӘ жобаларын іске асыру, экономика салаларын дамыту, сондай-ақ ҚР инвестициялық, өңірлік және бюджеттік саясат саласындағы негізгі бағыттары туралы мәлімет ұсынылды. Сонымен қатар, екі жақты инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды.

Өз кезегінде, Үнді әріптестер көлік-логистика саласында (теңіз және құрғақ порттарды, теміржол терминалдары мен әуежайларды қоса алғанда), тау-кен металлургия кешенінде, жаңартылатын энергия көздері саласында және деректерді өңдеу орталықтарын құруда одан әрі кооперация мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ перспективалық жобаларды бірлесіп пысықтау үшін тұрақты кездесулер өткізуге қызығушылық танытты.

Айта кету керек, бүгінгі таңда «Adani Group»-тың нарықтық капиталдандыруы $220 млрд. құрайды. Компанияның 23 мыңнан астам қызметкерлері 50 мемлекетте жұмыс істейді.

Инвесторлар порттарды, әуежайларды, мультимодальдық логистикалық темір жол парктерді және индустриялық аймақтарды басқаруға мамандандырылады, сондай-ақ электр энергиясын өндіру мен беру, ЖЭК, күн фотоэлектрлік панельдерді мен пайдалы қазбаларды өндіру, IT және тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс істейді.