Жеті айда Қазақстан экономикасының өсімі 3,3%-ды құрады

Жеті айда Қазақстан экономикасының өсімі 3,3%-ды құрады
Бүгін Премьер-министр Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыров 2022 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.
📈Салалар бөлінісінде көрсеткіштердің өсімі
▪️Нақты сектордағы өсім 3,4% құрады
▪️Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік – 2,5%
▪️Құрылыс – 8,6%
▪️Ақпарат және байланыс – 6,5%
▪️Сауда – 6,2%
▪️Көлік және қоймалау – 5,6%
💰Инвестициялар
📈Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 4,5% - ға жетті
💼Мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру 99,2% өсім көрсетті
🎓Білім беру – 74,8%
🏬Сауда – 26,4%
🏭Өңдеу өнеркәсібі оң қарқынын сақтап отыр: өсім - 4,9%.
✅Оң өсім 17 өңірде тіркелді
Ең жоғары көрсеткіштер
▪️ ШҚО – 15,3%
▪️ Алматы – 13,3%
▪️ Қостанай облысы – 12,3%
▪️ Абай облысы – 12,3%
▪️ Шымкент – 9,6%
🔺Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсімі
▪️ Автомобиль жасау – 19,6%
▪️ Компьютерлер, электронды және оптика құралдар жасау – 13,8%
▪️ Химия өнеркәсібі тауарлары – 10,6%
▪️ Сусындар – 9,1%
▪️ Машина жасау – 7,7%
▪️ Киім – 5,5%
🌾Ауыл шаруашылығындағы өсім 2,1%-ды құрады
Оң динамика 16 өңірде байқалады.
Барлық көрсеткіштер бойынша өсім 3 өңірде байқалады
▪️ Шымкент
▪️ Қарағанды облысы
▪️ СҚО
❗️Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылады:
▪️Азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау
▪️Инвестицияларды сүйемелдеуге кешенді тәсілін қолдану
▪️Егістік өнімдерін уақтылы жинауды қамтамасыз ету
▪️Қазақстандық өнімді экспорттауға және жаңа сауда нарықтарын іздеуге жәрдемдесу
▪️Мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді ұсыну және бизнеспен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.