Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елордадағы Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестік орталығында болды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елордадағы Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестік орталығында болды

ҰЭМ басышысы орталықтың 2031 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру туралы есепті тыңдады.

Атап айтқанда, мемлекеттік - жеке меншік әріптестік (МЖӘ) саласындағы заңнама мен әдіснаманы жетілдіру, бизнес-процестерін цифрландыруды қамтамасыз ету, халықаралық сертификаттаудың қолжетімділігі, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға жәрдемдесу жоспарлануда.

Сондай-ақ, кездесу барысында МЖӘ жобаларына сараптама жүргізу және ұсынылатын құжаттаманың сапасы мәселелері қаралды.

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Самат Сағындықовтың айтуынша, өткен жылы Орталық жүргізген МЖӘ жобалары мен бюджеттік инвестицияларды сараптау нәтижесінде жалпы сомасы 2,7 трлн. теңгеге 62 өтінім қаралды.

Сараптама нәтижесінде жобалардың расталған құны 1,3 трлн. теңгені, ал теріс қорытынды алған және пысықтауға жіберілген жобалардың негізсіз құны 1,4 трлн. теңгені құрады.

Оң қорытынды алған жобалар бойынша үнемделген қаражат сомасы 89 млрд. теңгені құрады.

Осы жобаларды іске асыру шеңберінде 7 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда, бюджетке түсетін түсімдер 100 млрд. теңгеден астам соманы құрауы тиіс.