ҰЭМ басшысы Сэр Сума Чакрабартимен кездесу өткізді

ҰЭМ басшысы Сэр Сума Чакрабартимен кездесу өткізді

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті.

Тараптар SALM активтері мен міндеттемелерінің тәуелсіз теңгерімін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Жобаны әзірлеу үшін халықаралық сарапшыларды тарту жоспарлануда. (SALM әдістемесі - Sovereign Asset and Liability Management бірлескен шешімдер қабылдау үшін тәуелсіз теңгерімді басқаруға бағытталған).

Сонымен қатар, кездесу барысында экономикалық реформаларды жүзеге асыру туралы да сөз қозғалды. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның экономикалық саясатына жаңа тәсілдер қалыптастырылуда. Негізгі міндет - олигополиядан ашық және еркін даму моделін құру.

Бұл ретте атап өтілгендей, саяси және экономикалық реформалар тең жүруі тиіс.

Жалпы, Сэр Сума Чакрабарти Қазақстан Үкіметі жүргізіп жатқан жұмысты жоғары бағалап, бұл шаралар тиімді және уақтылы екенін атап өтті.