«Astana Finance Days» алаңында Әлеуметтік таксономияны әзірлеу мәселесі талқыланды

«Astana Finance Days» алаңында Әлеуметтік таксономияны әзірлеу мәселесі талқыланды

Бүгін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов «Astana Finance Days» конференциясы аясында жасыл өсім форумына қатысты. Сессияға қатысушылар Қазақстанның Әлеуметтік таксономиясын әзірлеуді талқылады.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі өз сөзінде Қазақстанның тікелей инвестициялар үшін тартымдылығын және Орталық Азия өңіріндегі шетелдік инвестициялардың ағыны бойынша көшбасшы позициясын сақтап отырғанын атап өтті.

«Қазіргі жағдайда бұл позицияны нығайту үшін қосымша оңтайлы жағдайлар жасау қажет. Бірінші кезекте экономиканың шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін кеңейту керек», - деді Т.Жақсылықов.

Ол өткен аптада Үкімет Қазақстанның инвестициялық саясатының тұжырымдамасын бекіткенін еске салды. Негізгі векторлардың бірі ESG-принциптерін кеңінен енгізу. Үкімет сондай-ақ жасыл таксономияны (жасыл жобалардың жіктеуіші) бекітті.

«Әлеуметтік таксономияға келетін болсақ, ол соңғы екі жылда бес есе өскен қазақстандық әлеуметтік Қаржы нарығын дамытуға негіз қалайды. Мемлекет ресурстарының шектеулілігі жағдайында аталған қаржыландырудың түрі әлеуметтік мәселелерді шешудің ең тиімді әлемдік тәсілдерінің бірі болып табылады», - деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Оның айтуынша, әлеуметтік инвестициялар тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін де, бизнестің адам құқықтарын сақтауын қамтамасыз ету үшін де қажет.

Соңында Тимур Жақсылықов AFD отырысына қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.