Ұлттық экономика министрі Eni-дің Орталық Азия аймағы бойынша басшысымен кездесті

Ұлттық экономика министрі Eni-дің Орталық Азия аймағы бойынша басшысымен кездесті

Бүгін Нұр-Сұлтанда Әлібек Қуантыров пен «Eni S.p.A» компаниясының Орталық Азия аймағы бойынша басшысы Лучано Васкестің кездесуі өтті.

Тараптар қазіргі заманғы жағдайда мұнай-газ саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, нарықтың жағдайын, фискалдық саясат пен декарбонизация тәсілдерін талқылады.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан Қазақстанға инвестиция салу тиімді. Өз кезегінде, шетелдік компаниялар заңнама талаптарын сақтауға және қазіргі шарттарға, соның ішінде салық саясатына бейімделуге тиіс.

Кездесу барысында Лучано Васкес ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) маңызды рөлін және жоғары тиімділігін көрсеткен «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының (ҚШИКҚ) жұмысын атап өтті.

Оның айтуынша, итальяндық «Eni» мұнай-газ компаниясы Қазақстанның тұрақты энергетикалық серіктесі бола отырып, ынтымақтастықты, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы әріптестікті одан әрі кеңейтуге дайын.