Жамбыл облысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесу өтті

Жамбыл облысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесу өтті

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов пен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ДБ-ның ҚР-дағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті. Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Жан-Франсуа Марто өңірлік деңгейде, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделілік білдірді.

А.Әбдікәрімов ҚР үшін 2020-2025 жылдарға арналған Негіздемелік әріптестік стратегиясының негізгі бағыттарын іске асыруыдың, сондай-ақ оның мақсаттарын іске асыру жөніндегі бірлескен шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек жол инфрақұрылымын, ирригациялық жүйені және әлеуметтік саланы дамыту жобалары да талқыланды.