Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтары 3 есеге қысқартылды

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтары 3 есеге қысқартылды

Бұл жұмыс «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес жүргізілді.

ККО мен жұмыс топтарының саны 73-тен 24-ке дейін, яғни 67%-ға қысқартылды.

Ведомствоаралық үйлестіру барысында және халықпен өзара іс-қимыл кезінде отырыстар өткізу үшін онлайн-платформаларға көшу жүзеге асырылды.

Бұл шаралар мемлекеттік аппараттағы бюрократия мен әуре-сарсаңға салуды одан әрі болдырмау мақсатында Министрлікте шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.