Қазақстан ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен әріптестік қатынастарды кеңейтудің басым бағыттарын талқылады.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, Қазақстан ұзақ жылдар бойы маңызды бағыттар бойынша белсенді өзара іс-қимылды қолдайды және ЭЫДҰ-ның бірқатар өңірлік бастамаларының қатысушысы болып табылады. Ол 2022-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес алдын ала мақұлдағанын еске салды.

«Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру Қазақстанның ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибелерін енгізуге ұмтылысын тағы да растайды. Бұл ҚР-ң Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіруіне негіз болмақ. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келетін өте маңызды қадам», - деді Ә.Қуантыров.

Кездесуге қатысушылар «Қосылған құнның жергілікті тізбектерін оңтайландыру – II кезең» бірлескен жобасы Орталық Азия елдері арасындағы сауда байланыстарын кеңейтуге және қазақстандық экспортты ынталандыруға жол беретініне сенім білдірді. Бизнесті цифрландыру бойынша жаңа жобаны іске асыру жеке секторға бәсекеге қабілетті болып қалуға мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысы бастаған негізгі экономикалық және саяси реформалар туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, бүгінгі күні экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған ірі бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үкімет өзіне алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайды.

Өз кезегінде ЭЫДҰ өкілдері елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап, алдағы міндеттерді табысты іске асыру үшін тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.