Ұлттық экономика министрі Fitch Ratings және JP Morgan өкілдерімен кездесті

Ұлттық экономика министрі Fitch Ratings және JP Morgan өкілдерімен кездесті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Әлібек Қуантыров Fitch Ratings тәуелсіз рейтингтер тобындағы дамушы Еуропа елдері бөлімінің басшысы Пол Гэмблмен, Fitch Ratings тәуелсіз және ұлттықтан жоғары командасының директоры Арвинд Рамакришнанмен және JP Morgan тәуелсіз рейтингтер жөніндегі консультативтік тобының вице-президенті Энид Винг Ю Лимен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылар қазіргі жағдайдағы экономиканы дамыту, нарықтың жай-күйі, фискалдық саясат және инвестициялық ахуал мәселелерін талқылады.

ҰЭМ басшысы ҚР Президенті жариялаған реформалар аясындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бүгінде Министрлік жаңа экономикалық саясатты құру, халықтың табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

«Қазақстан Үкіметі барлық маңызды мәселелер бойынша уақтылы шаралар қабылдауда. Дағдарысқа қарсы шаралар бойынша жедел штаб жұмыс істейді, онда бизнес қоғамдастық та тартылған. Экономиканы және экспорттық ағындарды әртараптандыру бойынша шаралар қабылдануда. Экономиканы монополиясыздандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Ә.Қуантыров.

Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстан экономикасы 4.1%-ға өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында ел экономикасының өсу қарқыны 4,4% құрады.

«Үкіметте сыртқы күйзелістердің теріс әсерін азайту үшін барлық қажетті құралдар мен ресурстар бар. Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін әрдайым ашық. Олар үшін қолайлы жағдайлар жасалған», - деп атап өтті министр.

Өз кезегінде, халықаралық рейтингтік агенттіктердің өкілдері Қазақстанда экономиканы дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалады.