Астанада Азиялық Даму Банкінің қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған Бірінші инвестициялық мемлекеттік-жекешелік әріптестік форумы өткізілуде.
Экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленов форум қатысушыларына арнап сөз сөйлей келіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің экономикалық өсуді ынталандыратын тиімді әрі прогрессивтік құрал екенін атап өтті. Бұл, тиісінше, жұмыс орнының көбеюі мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру.
«Мен бүгінгі форумды біздің қызметіміздің нәтижелері туралы айта алатын және шақырылған МЖӘ саласындағы халықаралық сарапшылармен, оның ішінде Азиялық даму банкі, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия, БҰҰ ЭСКАТО және басқалармен жоспарларымызды талқылай алатын маңызды іс-шара деп санаймын», - деді министр.
Өз сөзінде Ұлттық экономика министрлігі басшысы Қазақстанның МЖӘ-ні дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар бірнеше мәрте атап өткен тәжірибесін тағы да атап көрсетті: «Біздің еліміз өзіндік «МЖӘ кітапханасына» айналуда. Онда Орталық Азия аймағындағы МЖӘ жобаларын іске асыру туралы ақпарат, білім мен тәжірибе шоғырландырылып, кең ауқым алуда».
Анықтама: МЖӘ Форумы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының қабылданған күніне арналды (2015 жылғы 31 қазан).