ЖЖМ акциз мөлшерлемелерін арттыру әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді, - ҚР ҰЭМ

ЖЖМ акциз мөлшерлемелерін арттыру әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді, - ҚР ҰЭМ

Сурет: ашық дереккөздерден

«Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі (бұдан әрі – Жоба).

Жобада мыналар көзделген:

- өндірушілердің бензинді, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспалары мен экологиялық отынды көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасына 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін ұлғайту;

- өндірушілердің дизель отынын көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасы үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту;

- дизель отынына акциздердің маусымдық өзгеруін болдырмау;

- дизель отынының импортына акциздердің тең мөлшерлемесін белгілеу;

- дизель отынына ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын нақтылау.

Акциз мөлшерлемелерін ұлғайту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджетке қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына сәйкес, ЖЖМ бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленді, сондықтан жанар-жағармай бағасы көтерілмейді.