ШОБ субъектілеріне залалды өтеу механизмі бекітілді – Ұлттық экономика министрлігі

ШОБ субъектілеріне залалды өтеу механизмі бекітілді – Ұлттық экономика министрлігі

2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер нәтижесінде ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды өтеудің объективті тәсілдерін әзірлеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың пікірлерін ескере отырып, бүгін Ұлттық экономика министрінің № 7 бұйрығымен, 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді.

Қағидалар 2022 жылғы 18 және 24 қаңтарда жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктердің салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия бекіткен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу механизміне негізделген.

Кәсіпкерлерден келтірілген залалдың бұрын-соңды болмаған ауқымдылығына, кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігінде келтірілген залалды растайтын қажетті құжаттардың жоқтығына байланысты объективті қиындықтарды түсінуді сұраймыз.

Үкімет кәсіпкерлердің қызметін қалпына келтіру үшін келтірілген залалды тез арада өтеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.