Ұлттық экономика министрі Үкіметте Батыс өңірлерді дамытудың кешенді жоспарын таныстырды

Ұлттық экономика министрі Үкіметте Батыс өңірлерді дамытудың кешенді жоспарын таныстырды

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров батыс өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытуды кешенді жоспарын таныстырды.

Әлібек Қуантыров хабарлағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарлары әзірленіп, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған қолданыстағы кешенді жоспарлары өзектендірілді. 4 жоспарды қаржыландырудың жалпы көлемі 15,3 трлн теңге. Бұл ретте қаржыландырудың көп үлесі жеке инвестицияға тиесілі – 13,2 трлн теңге.

Ақтөбе облысының кешенді жоспары 92 іс-шарадан тұрады. Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,7 трлн теңге.

Ұлттық экономика министрлігі басшысының дерегінше, облыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту, цемент өндіретін зауыт, титан-цирконий кенін өңдейтін тау-кен байыту кешенін салу бойынша ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, шетелдік инвесторларды тарта отырып, ерекше индустриялық аймақ құрылады. «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының үшінші желісі салынып, 85 ауыл газдандырылады. 1300 шақырымнан астам автомобиль жолы жаңғыртылады.

18 ауылда денсаулық сақтау нысаны салынады. 224 мектепке жаңғырту жүргізіліп, оңалту орталығы салынады. Ақтөбе қаласында колледж студенттері үшін екі жатақхана салу жоспарлануда.

«Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестициялардың 2,5 еседен астам өсуін қамтамасыз етеді және 1,5 трлн теңгені, өнеркәсіп көлемі 1,8-ден 2,8 трлн теңгеге дейін 1,6 есе, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 37%-ті құрайды. Сондай-ақ, 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, сумен жабдықтау қызметтіне қолжетімділік 100%-ті құрайды», - деді Ұлттық экономика министрі.

Батыс Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспарына келсек, ол жалпы сомасы 2,6 трлн теңге болатын 116 іс-шарадан тұрады.

Өңірде индустриялық аймақ құру, құю өндірісін, мұнайды терең өңдеу зауытын және цемент зауытын салу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы саласында 2 жылыжай, 25 бордақылау алаңын, 10 сүт-тауар фермасын салу, 4 шарбақты балық өсіру шаруашылығын құру, суармалы жерлер алаңын 6,6 мың гектардан 50 мың гектарға дейін қалпына келтіру және кеңейту, Киров су қоймасын қайта жаңарту көзделген.

Орал қаласында 1211 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желісін, 46,2 шақырым жылумен жабдықтау желісін және 2051 шақырым электр желісін салу және қайта жаңарту, 29,7 шақырым «Ростоши-Тайпақ» газ құбырын қайта жаңарту, сондай-ақ автоматтандырылған газ тарату стансасын салу жоспарлануда.

Сонымен қатар емхана, кардиологиялық орталық, 74 мектеп, студенттерге арналған 650 орындық жатақхана және 150 орындық оңалту орталығы салынады.

«Батыс Қазақстан облысының кешенді жоспарын іске асыру нәтижесінде, 2025 жылға қарай өнеркәсіп көлемі 55%-ке және ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 56%-ке өседі, сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізу деңгейі 100%-ке жетеді, ал электр желілерінің тозуы 80%-тен 50%-ке дейін азаяды», - деді Қуантыров.

Атырау облысын дамытудың өзектендірілген кешенді жоспары жалпы сомасы 8,9 трлн теңге 185 іс-шарадан тұрады.  

Жоспар шеңберінде ауданы 400 га индустриялық аймақ құрылып, терефталь қышқылын өндіру зауыты мен көтерме-тарату орталығы салынады.

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін 6 жылыжай, 5 мал бордақылау алаңы, 3 құс фабрикасы, балық өсіруге арналған 7 тоған шаруашылығы, сүт өңдеу цехтары және басқалары салынады.

Бұдан басқа, 48 мектеп, 2 емхана, психикалық денсаулық орталығын, 9 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын, оңалту орталығын салу, 10 ауылда 228,1 шақырым электр желісін салу, 6 ұңғыма және «Тайсойған-Миялы» магистральдық су құбырын салу, 640 шақырым автожол жөндеу және қайта жаңарту, 13 елдімекенді газбен және сумен қамтамасыз ету көзделген.

«Жоспарды іске асыру қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай өнеркәсіп көлемі 35%-ке артып, халықты сумен қамту 100% қамтамасыз етіледі. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 95%-ке дейін жетіп, 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», - деді ҰЭМ басшысы.   

Маңғыстау облысын дамытудың өзектілендірілген жоспары қаржыландырудың жалпы көлемі 2,1 трлн теңге болатын 226 іс-шарадан тұрады.

Жоспарға сәйкес, өңірде «Доңға» кен орнын игерудің 3-кезеңін іске асыру, Ақтау қаласында мұнай-химия кешенін салу және басқа да іс-шаралар жоспарланған.

Сонымен бірге, 25 инвестициялық жобаны іске асыру және балық шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ асылтұқымдық балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда.

Сонымен қатар, 1059 шақырым жергілікті маңызы бар автожол, 87,9 шақырым электр желісін, 116 шақырым жылу желісін салу және жөндеу, сондай-ақ тұщыландыру зауыттары мен қондырғыларының 9 жобасын салу көзделген.

Әлеуметтік саланы дамыту шеңберінде аудандық орталық аурухана, 24 мектеп және 11 жапсарлас құрылыс салу, 5 колледжді жабдықтармен жарақтандыру қарастырылған.

Министрдің айтуынша, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Маңғыстау облысында өнеркәсіп көлемі 28%-ке, туристер ағыны 4,6 есеге артады. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 100%-ке жетіп, 4 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

«Кешенді жоспарларды іске асыру батыс өңірлер экономикасының өсу қарқынын ұлғайтуға мүмкіндік, жеке инвестициялар ағынына серпін беріп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді. 2025 жылға қарай төрт өңір бойынша шамамен 13 трлн. теңге жеке инвестиция тарту, 175 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда», - деді экономикалық ведомство басшысы.