
Өздеріңізге белгілі, Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті жаңа реттеушілік саясат туралы заң жобасын әзірледі. Жаңа ереже бойынша кәсіпкерлер тек рұқсат беру талаптарына сәйкестігі бойынша тексерілсе, жоспардан тыс тексеру нақты заңбұзушылық фактісі орын алғанда ғана жүргізіледі. «Таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері туралы толығырақ ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Ерік Жамбылов Atameken Business-тегі Время говорить бағдарламасында баяндады.