Ұлттық экономика министрлігі агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізетін заң жобасын әзірледі. Заң жобасы 2022 жылғы 14 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық құқықтық актілер» веб-сайтында орналастырылды.
Заң жобасы агломерацияларды дамытуды кешенді құқықтық реттеуді және «Агломерацияны дамыту туралы» заңды іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде:
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, ел халқының 36 проценті орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орналасқан төрт агломерацияда тұрады. Агломерация орталықтары елдің жалпы ішкі өнімінің үштен бір бөлігін құрайды. Агломерациялар елге тартылған шетелдік инвестициялардың 60%-тен астамын құрайды.