Ұлттық жобалар жобалық тәсілді пайдалану арқылы іске асырылады – Ұлттық экономика министрлігі

Ұлттық жобалар жобалық тәсілді пайдалану арқылы іске асырылады – Ұлттық экономика министрлігі

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ұлттық жобаларды мониторингілеу офисі, «Qazaqstan Project Management Awards 2020» жобасы өкілдерінің қатысуымен Ұлттық жобаларды іске асырудың жобалық тәсілін қолдану тақырыбы көтерілді.

ҚР ҰЭМ жобалық басқару департаментінің директоры Илона Шварцкопф атап өткендей, Ұлттық даму жоспарының Жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында қабылданған Ұлттық жобалар жобалық тәсілді пайдалану арқылы, нәтижеге бағдарлану, күтілетін нәтижелерге қол жеткізудегі дербес жауапкершілік, барлық мүдделі тараптардың әріптестігі мен жобаларды іске асыруға жұмылу қағидаттарымен іске асырылады.

«Ұлттық жобаларды іске асырудың жобалық тәсілі барлық мүдделі тараптардың жұмылуын бағамдайды. Енді мемлекеттік органдар мемлекеттік орган өкілдерінің, сарапшылар мен жұртшылықтың тікелей қатысуымен бірлескен кросс-функционалдық жобалық командаларды қалыптастырады. Бұл мемлекеттік басқарудың жаңа ұйымдастырушылық мәдениеті және жобалық-желілік моделі. Ол заманауи технологияларға негізделген», - деді Ұлттық экономика өкілі.

Қазіргі уақытта 44 мемлекеттік органның жобалық офисінен тұратын жобалық басқарудың бірыңғай экожүйесін қалыптастыру аяқталуда. Ұлттық жобаларды іске асыруды мониторингілеу офисі құрылып, жұмыс істеуде.

Жобалық басқарудың нормативтік және құқықтық базасы бекітілді. Ол мемлекеттік органдардың Жобалық басқаруды жүзеге асыру ережесінен және Жобалық басқарудың типтік регламентінен тұрады. Ол мемлекеттік аппараттың мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіндегі портфельдерін, бағдарламалары мен жобаларын басқару жөніндегі қызметін регламенттейді: ол Үкімет, мемлекеттік органдар мен жобалық командалар деңгейінде жүргізіледі.

Бұдан басқа, әрбір ұлттық жоба бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары, кураторлар және министрлер деңгейінде Ұлттық жобалардың басшылары белгіленді. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар ұлттық жобалардың әрбір көрсеткішін тиісті салалар мен өңірлерге бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұдан әрі салада, өңірде, ауданда, ауылдық округте әрбір декомпозицияланған көрсеткішке қол жеткізу үшін қажетті жобалар пулдары айқындалады.

«Барлық жобалық қызмет ақпараттық жүйеде жүзеге асырылады, бұл әр тапсырманың орындалуын бақылауды ғана емес, сонымен қатар әр жоба бойынша ақша қаражатының жұмсалуын жедел мониторингілеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жобалық басқаруды жүзеге асыру ережелерінде жобаларды іске асыру барысына мониторинг жүргізу үшін қоғамдық топтар құру қарастырылған. Сондықтан біз азаматтарды ұлттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз», - деді Шварцкопф.