Өңірлердің теңгерімді дамуы Үкіметтің негізгі міндеті болып табылады – Ә. Қуантыров

Өңірлердің теңгерімді дамуы Үкіметтің негізгі міндеті болып табылады – Ә. Қуантыров

Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров Тараз қаласында өткен «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтты.

Өз сөзінде вице-министр Үкімет қызметінің басты мақсаты халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдер деңгейіне дейін арттыру және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

 «Әлекметтік-экономикалық даму қоғам тұрақтылығының негізгі айқындаушы факторы болып табылады. Бұл әсіресе полиэтникалық мемлекеттер жағдайында маңызды», - деді Қуантыров.

Бұдан басқа, ол адамға бағдарлану 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының іргелі негізі болып айқындалғанын атап өтті. Бұл принциптің мәні жүргізіліп жатқан реформалар әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуды түпкілікті мақсат етіп қою керек.

Конференция тақырыбы шеңберінде А. Қуантыров сондай-ақ жүргізіліп жатқан теңгерімделген өңірлік даму саясатының тәсілдеріне тоқталып өтті.

«Жалпы, теңгерімді өңірлік даму өңірлердің әлеуетін ашуды, өңірлік диспропорцияны жою және ауылдағы аса өткір проблемаларды шешу есебінен жүзеге асырылатын болады», - деді Ә. Қуантыров.

Ол Өңірлік даму жоспары шеңберінде мемлекет өңірлердің сыртқы және ішкі байланысын нығайтуға, халық өмірінің деңгейі мен сапасындағы өңірлер арасындағы алшақтықты қысқартуға, сапалы және орнықты экономикалық өсуге жәрдемдесуге назар аударатын болады деп атап өтті.

Ә. Қуантыров сөз соңында өңірлік фактор елдегі әлеуметтік-экономикалық трансформация процестеріне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатынын, осы себепті Үкіметтің барлық күш-жігері қазақстандықтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, тұрақты және сапалы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.