Тимур Жақсылықов: ШОБ экономикалық драйвер қызметін атқарады

Тимур Жақсылықов: ШОБ экономикалық драйвер қызметін атқарады

Бүгін Astana Finance Days 2021 аясында «Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстанның ұлттық басымдықтары» сессиясында Ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов пандемия және коронакризис жағдайында Қазақстан экономикасының дамуы туралы айтып берді.

Бірінші вице-министр өз сөзінде COVID-19 пандемиясы және жаһандық экономиканың даму жағдайларының өзгеруі соңғы ғасырдағы ең ауқымды дағдарысқа әкелгенін атап өтті. Бұл Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің барлық елдері үшін сын-тегеурінге айналды.

«Ковидтен кейіңгі дәуірде» жаңа трендтер қалыптасты. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа бағыты халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталады, оның басты мақсаты халықтың өмір сүру сапасы мен табысын арттыру болып табылады», - деді Т.Жақсылықов.

Экономиканың тұрақты өсуінің негізгі факторлары туралы айта келе, экономикалық ведомство басшысының орынбасары ШОБ елдің дамуына айтарлықтай үлес қосатынын және экономикалық драйвер функцияларын атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, шағын және орта бизнесті дамыту экономикадағы жұмыс орындарының көп бөлігін құруға және қолдауға жауап береді. Бизнесті жүргізу үшін жағдайларды түбегейлі жақсарту және дағдарысқа қарсы қолдау кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға ықпал ететін болады. Дәл осы факторлар пандемия кезінде ерекше мәнге ие.

«Біз кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз және ШОК үдемелі және тұрақты дамытуға бағытталған шараларды іске асырып жатырмыз. Бұл шаралар бизнеске жүктемені түбегейлі азайтуға және жаңа экономиканың жағдайында іскерлік белсенділікті дамытуға қуатты серпін беруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

«Біз бизнестің қалпына келуі және одан әрі өсу траекториясына шығуы үшін мемлекет тарапынан қолдаусыз мүмкін емес екенін түсінеміз. Біз іскерлік ортаны одан әрі жетілдіру, бизнес ахуалды жақсарту, салық салу мәселелерін жетілдіру және қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», - деп түйіндеді Ұлттық экономика министрінің орынбасары.