Күн мен түн теңелетін табиғаттың тамаша кезеңі адамзаттың үмітін оятып, жарқын өмірге жігерлендіреді. Мейірім мен махаббаттың, шаттық пен шапағаттың, жақсылық пен ізгіліктің мейрамы – әз Наурыз қош келдің!
Төрімізге өрлеген Наурыз әрбіріміздің өмірімізге жарқын нұрын шашып, гүлдену мен өркендеудің, жаңғыру мен жаңарудың бастауы бола берсін!
Сіздерге молшылық пен береке, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі