Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері басшыларымен кезекті кеңес өткізілді.
Бұл кеңес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ағымдағы жылғы 13 қарашадағы Үкімет отырысында берген Ұлттық экономика министрлігінің Энергетика, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен, облыс, Астана, Алматы мен Шымкент қалалары әкімдіктерімен су-, газбен жабдықтау, су бұру, телефон байланысы, интернет және ПИК қызметінің тарифін төмендету бойынша бірлескен жұмыс жүргізуі жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілді.
Вице-министр Комитет пен оның аумақтық бөлімше басшыларының табиғи монополия субъектілерінің тариф төмендету бойынша қабылдаған және жүргізіп жатқан шаралары туралы есебін тыңдады.
Жалпы елімізде 74 Қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған 2 334 адам қатысқан .
Комитеттің аумақтық бөлімшелері табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің заңнаманы сақтауын анықтау бойынша 48 жоспардан тыс тексеру өткізуге бастамашы болды.
Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі бойынша тиісті ден қою шараларын қабылдайтын болады.
Вице-министр Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің коммуналдық қызметтің тарифін төмендету жөніндегі тапсырмасын орындаудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.