2018 жылғы 12 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшелерінде Қоғамдық қабылдаулар жұмыс істей бастады.
Қоғамдық қабылдаулар«Нұр Отан» партиясының филиалдарымен, «Атамекен» ҰКП-мен, ҮЕҰ-мен, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерімен бірлесіп өткізіледі және облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылықты коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.
Олардың нәтижелері бойынша тұтынушылардың келіп түскен шағымдардың негізінде бүгінгі күні Комитеттің аумақтық бөлімшелері табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықсубъектілерінің қызметіне заңнаманы сақтау мәніне 6 жоспардан тыс тексеруге, оның ішінде:
Осылайша, жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық бөлімшелері ден қоюдыңтиісті шараларын қабылдайтын болады.