Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндеАқордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін орталық аппараттың және оның Департаменттерінің басшылары жауапкершілікке тартылды

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндеАқордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін орталық аппараттың және оның Департаменттерінің басшылары жауапкершілікке тартылды

Ағымдағы жылғы 7 қарашада Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген монополияға қарсы ведомствоның жұмысын тәртіпке келтіру бөлігінде тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу саласында анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіТабиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту мәселесін қарады.

Осылайша, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мынадай лауазымды тұлғаларына қатысты сөгіс жариялау түрінде жазалау шарасы қолданылды:

  • Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары ;
  • Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
  • Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы;
  • Комитеттің Солтүстік Қазақстаноблысыбойынша департаментінің басшысы;
  • Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
  • Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы;
  • Комитеттің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;
  • Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы;
  • Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
  • Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Бұл ретте, Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы атқаратын лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, монополияға қарсы ведомствоның мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге және Комитет төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жарияланды.