Еңбек нарығындағы жағдай

Еңбек нарығындағы жағдай

Республика экономикасында 2018 жылғы қазандағы, бағалау бойынша 8,7 млн. адам жұмыспен қамтылды1). Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,6 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,8%) құрады.

2018 жылғы III тоқсан2) деректері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 89,7%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 10,3% құрады.

2018 жылғы қарашада жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 442 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2018 жылғы қараша айының соңына 142,3 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,6%-ын құрады.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының көрсеткіштері

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының көрсеткіштері

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы III тоқсанда жұмыс күшінің санының 0,3%-ын (23,8 мың адам) құрады.

1)Бағалау деректері.

2) Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу қорытындыларының деректері.

Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген  әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің жұмыс күші санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.