2020 жылы Қазақстанда тұрғын үйдің рекордтық көлемі – 15,3 млн. шаршы метр енгізілді

2020 жылы Қазақстанда тұрғын үйдің рекордтық көлемі – 15,3 млн. шаршы метр енгізілді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

«2020 жылы рекордты 15,3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 16,8%-ке жоғары», - деді Дәленов.

15 өңір оң өсуді көрсетті. Айтарлықтай өсу Нұр-Сұлтан қаласында байқалды – 1,7 есе.