Дәленов: Сыртқы саудада оң баланс қамтамасыз етілді

Дәленов: Сыртқы саудада оң баланс қамтамасыз етілді

Үкімет елдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады.

«2020 жылғы 11 айда сыртқы сауда айналымы 77,7 млрд. долларды, оның ішінде экспорт 43,4 млрд. долларды құрады. Әлемнің 117 еліне Қазақстан тауарларының 3 183 дайын, өңделген түрлері (СЭҚТН 6 түрі бойынша) экспортталды. Импорт 34,4 млрд. долларды құрады. Осылайша, 9 млрд. доллар деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сейсенбі, 12 қаңтардағы Үкімет отырысында.

Өнеркәсіп бойынша мынадай серпін байқалады. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібі озық өсу көрсетті. Өңдеудің өсу қарқыны 3,9%-ке дейін жеделдеді. Бұл ретте, ОПЕК+ келісімінің шеңберінде мұнай өндірісінің қысқаруы салдарынан кен өндіру өнеркәсібі 3,7%-ке төмендеді..

Дәленовтің айтуынша, нәтижесінде, жалпы өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,3%-ті құрады.