2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, негізгі фармацевтикалық өнімдерінің өндірісі төмендеді.
Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.
Өнеркәсіптік өндіріс индекстері
өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жекелеген өнім түрлерінің өндірісі
|
Өндірілгені |
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке пайызбен |
мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна |
67,3 |
105,3 |
мыс кендері, млн.тонна |
76,4 |
104,6 |
ұн, млн.тонна |
3,0 |
110,0 |
бензин, млн.тонна |
2,8 |
121,8 |
газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна |
3,5 |
104,6 |
портландцемент, млн. тонна |
8,0 |
107,3 |
жазық илек, млн. тонна |
2,2 |
104,2 |
тазартылған мыс, млн. тонна |
0,3 |
102,7 |
электр энергиясы, млрд.кВт.сағ. |
79,1 |
105,4 |