Бәрін басынан бастап реттеу бизнес жүктемесін азайтуға ықпал етеді - Дәленов

Бәрін басынан бастап реттеу бизнес жүктемесін азайтуға ықпал етеді - Дәленов

Бәрін басынан бастап реттеу тетігі іске асырылып, бизнес ахуалды жақсарту, салық салу және кредиттеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдау барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады.

Дәленовтың айтуынша, бәрін басынан бастап реттеу бизнес жүктемесін азайтуға, тиімсіз және ескірген талаптарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Бизнес үшін артық талаптарды болдырмау үшін «реттеуші гильотинаны» енгізу көзделуде.

«Екі реттеудің орнына бір реттеу» (1 IN 2 OUT) қағидатын енгізу қолданыстағы екі реттеу талабының орнына бір жаңа реттеу талабын енгізуді көздейді. Сондай-ақ, лицензиялар мен рұқсаттарды оңтайландыру жоспарлануда.

Кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтардың шағымдары бойынша мемлекеттік органдардың тиімсіз актілерінің күшін жою немесе қолданылуын тоқтата тұру «реттеушілік апелляция» институтын енгізу арқылы жүргізілмек.

Талаптарды одан әрі автоматтандыру бизнестің есептілігін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылмаған есептілік 2022 жылдың соңына дейін алынып тасталады.

Бұдан басқа, жоспарлы тексерулердің баламасы ретінде кәсіпорындарды диагностикалау енгізіледі. Бұл арқылы жауапкершілікке тартпай, тексерулер санын қысқарту көзделеді.

Бәрін басынан бастап реттеудің түпкі негізі азаматтардың денсаулығын және экологияны қорғауға бағытталады.