Ұлттық экономика министрлігінде ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесін 2025 жылға қарай – 35%-ке дейін жеткізу жоспарлануда

Ұлттық экономика министрлігінде ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесін 2025 жылға қарай – 35%-ке дейін жеткізу жоспарлануда

«2019 жылы ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 31,7%-ті құрады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 24,9%. Шағын және орта бизнестің өсуі ел экономикасындағы оң өзгерістердің көрсеткіші болып табылады. Біздің міндетіміз – ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесін 2025 жылға қарай 35%-ке дейін, ал 2050 жылға қарай 50%-ке дейін жеткізу. Бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді», - деді Дәленов жұма күнгі парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, бизнеспен айналысатындар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде ол 3,5 млн.адамды құрайды.

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қазақстандық шағын және орта бизнес құрылымында жетекші орын алады. Оларға ЖІӨ-нің жалпы көлемінің үштен бірі, сондай-ақ ШОБ-та жұмыс істейтіндердің жалпы санының үштен бірі келеді. Айта кету керек, Қазақстандағы бизнес бөлінісінің өңірлік сәйкессіздігі біртіндеп түзелуде», - деді Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.