Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді

Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді

Қазақстандағы инфляция жүйелі түрде бәсеңдеуін жалғастыруда.

2026 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция тамызбен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9,3%-ға дейін баяулады.

Бір айдағы бағаның өсуі 0,6%.

Инфляцияны бәсеңдетудегі негізгі үлесті азық-түлік тауары бағасының өсу қарқынының төмендеуі жалғастыруда.

Қыркүйекте азық-түлік тауары бағасы бір айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. Дефляция екінші ай қатарынан байқалады.

Нәтижесінде жылдық азық-түлік инфляциясы 8,5%-ға дейін бәсеңдеді(тамыздағы 9,5%-дан).

Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бойынша баға жағдайы тұрақты болып қалады.

Азық-түлік емес инфляция жылдық мәнде 11%-ға дейін бәсеңдеді. Ақылы қызмет бағасының өсуі 8,9% деңгейінде сақталды.

Инфляциялық процестердің баяулауы аясында 2026 жылғы екінші тоқсанда халықтың нақты ақшалай табысы 0,7%-ға өсті.

Инфляцияның одан әрі төмендеуі бағаның өсуінің халық табысына әсерін азайтады.

Инфляцияны тежеу – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Бағаны тұрақтандырумен қатар, Жоспарда еңбекақыны арттыру, оның ішінде ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көтеру, жаңа әрі сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және қосылған құны жоғары салаларды дамыту шаралары қарастырылған.